Астанада тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жобалары іске асып жатыр

Билік қала тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету және ағын суларды уақытылы бұру мақсатында бірқатар ірі жобаны жүзеге асырады, деп мәлімдеді Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов. Железнодорожный тұрғын үй кешенінен Мустафин көшесіне дейін ұзындығы 4,6 шақырым, диаметрі 1200 текше метр болатын су құбырының апаттық учаскесін қайта қалпына келтіру аяқталды. Nova City коттедж алабы және Вена орамынан су ағынын қамтамасыз ететін Е 29 көшесі бойынша кәріз коллекторы қолданысқа беріледі», – деп жауап берді Қосман Айтмұхаметов Астана әкімдігі ресми сайтының жауабына.

Басқа жобалардың қатарында Тілендиев даңғылының оңтүстігі мен №20-2, №11 көшелерінің шекарасында және Баршын көшесіндегі су және электрмен жабдықтау, кәріз, инженерлік желілердің құрылысы бар екенін атап өтті. Аталған жобаның арқасында «Асар» тұрғын үй кешеніндегі 70 пәтер мен 204 коттедж электр қуатымен және сумен жабдықтау, су желілерін бұру сынды қызметтермен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, 2019 жылы жалғасатын бірінші сатыдағы сорғы стансасын жаңғырту басталды. Жобаның қорытындысы бойынша, сорғы стансасының қуаты тәулігіне 410 мың текше метрге дейін артып, электр энергиясын тұтыну технологиялық қондырғы мен жаңартылатын энергия көздерін пайдалану есебінен стансаның қуаты азаяды.

Биыл «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы құны 4,7 млрд теңге болатын жобаны жүзеге асыру жалғасады. Бұл желілердегі судың пайдалану шығындарын азайтуға әкеледі.