Астанада бір тәулікте 15 мың текше метр қар шығарылды

20 желтоқсанда Астананы қардан тазалауға 309 жұмысшы шықты. Бұл туралы қала әкімдігі «Астана Тазалық» ЖШС-не сілтеме жасап хабарлайды.

Қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 15 078 текше метрді құрайды. «Астана Тазалық» қардың 3 136, өзге мекемелер 11 452, «Астана көгалдандыру құрылысы»  — 490 текше метрін шығарды, — делінген хабарламада.

16 қазан мен 20 желтоқсан аралығында қала сыртына қардың 905 647 текше метрі шығарылды. Бір тәулікте құм-тұз аралас қоспаның 142, 13 қазан мен 20 желтоқсан аралығында 11 266,5 текше метрі себілді. Жалпы 21 қараша мен 20 желтоқсан аралығында көктайғаққа қарсы реагенттің 58,97 тоннасы шашылған болатын.

Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатынын еске салады.