Астана дін басқармасы
Фото: Аstana.gov.kz

Мұндай идея «Ұлы дала академиясы: рухани иммунитетті нығайту арқылы Q буынын қалыптастыру» атты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында айқындалған міндеттерді жүзеге асыруға арналған конференцияда айтылды. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Астана әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығының басшысы Гүлмира Серікбаеваның айтуынша, бұл қадам жастар арасында радикалды идеологияға қарсы рухани иммунитеттің қалыптасуына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Бүгінде АТТ жұмыстарының нәтижесінде 2017 жылы түрлі әлеуметтік топтардың өкілдерімен 560-тан астам кездесу ұйымдастырылған. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда (195) үш есе өскен. АТТ дәрістерін тыңдаушылардың жалпы саны 57 378 астам адам. Бұл көрсеткіш те 2013 жылмен салыстырғанда анағұрлым жоғары. 2013 жылы тыңдаушылардың жалпы саны 15 000.