Басты бет / Жаңалықтар /
"Тілге қолдау" кеңесші жұмыс тобы
Фото: Астана әкімінің баспасөз қызметі

Мемлекеттік тілді қолдау аясында еңбек етіп жүрген қоғам қайраткерлері марапатталды

Астана әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тәуелсіздік күні қарсаңында Астанадағы Тілдерді дамыту және арxив ісі басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев басқарманың жанынан құрылған «Тілге қолдау» кеңесші жұмыс тобының мүшелерін мерекемен құттықтады.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту жолында аянбай еңбек етіп жүрген қоғам қайраткерлеріне құрмет көрсетілді.

Сонымен бірге «Үздік мекеме» байқауының қорытындысы шығарылып, «Байқоңыр» ауданындағы үздік деп танылған мейрамхана иелерін марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Жаңартылды:

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?

Мақалаға пікір қосыңыз