Әлемдегі шетел президенттері мен премьерлері, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қоса алғанда, 2-қыркүйекте Ислам Кәрімовтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхаттарын өздері президенттің міндеттерін уақытша атқарушы деп атаған ел Сенатының төрағасы Нигматулла Юлдашевтың атына жолдады.
Ел Конституциясы бойынша, әрекет етуші президент өз міндеттерін атқара алмайтын жағдайда оның міндеттерін атқару Олий Мәжілісі (парламент) Сенатының төрағасына ауысады. «Өзбекстан Республикасының Президентін сайлау туралы» Заңға сәйкес, үш айдан кейін президент сайлауы белгіленуі тиіс.
Нигматулла Юлдашев 2015 жылғы қаңтардан бастап Сенат төрағалығы қызметіне тағайындалған. Одан бұрын Сенат төрағасы әділет министрі қызметін атқарған, ал оның алдында Өзбекстанның бас прокурорының орынбасары болған еді.