Аяз бен көктайғақ: 21 желтоқсан күнгі ауа райы

21 желтоқсан күні Қазақстанның көп бөлігіне антициклон слемі ықпал етеді, осыған байланысты күн жауын-шашынсыз, аязды болады. Өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді.

Мамандардың мәліметінше, Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел соғады, екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде де тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Қызылорда облысында тұман түсіп, жел күшейеді.

Маңғыстау облысында 15-20 м/с жел соғады. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз Жалаңашкөл көлі ауданында жел күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады. Шығыс Қазақстан облысында тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында күн тұманды болады.

Астанада көшпелі бұлт тұрады, жауын-шашын болмайды, батыстан 9-14 м/с жел соғады. Түнде 26-28 градус, күндіз 20-22 градус аяз болады.

Алматыда күн бұлтты болады, қар жауады, түнде 10-12 градус, күндіз 3-5 градус аяз болады.

Шымкентте көшпелі бұлт тұрады, жауын-шашын болады, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Түнде 5-7 градус аяз болады, күндіз 1-3 градус жылы болады.

Қызылорда облысында көктайғақ пен желдің күшеюіне байланысты, Ақмола облысында 30-33 градус аязға, Қарағанды облысында 32-35 градус аязға, Шығыс Қазақстан облысында 33-38 градус аязға байланысты ескерту жарияланды.