ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстанның ірі қалаларында баспананың бастапқы нарығында бағаның төмендеуі байқалады. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.
Мамандардың хабарлауынша, жаңа пәтерлер нарығында баға тұрақтанды. Бір жыл ішінде шаршы метрдің орташа бағасы 5%-ға ғана өсіп, 266 мың теңге болды. Дегенмен көпқабатты үйлердегі пәтерлер бойынша жасалған мәмілелер көлемі 13%-ға, доллар бағамы 11%-ға өскен.
Ranking.kz-тің мәліметінше, Ақтауда баға 4,2%-ға, Көкшетауда 4,5%-ға, Павлодар пен Петропавлда 24%-ға төмендеді. Бұған мемлекеттік бағдарламалар бойынша жүргізілген ауқымды тұрғын үй құрылысы себеп болды.
Тұрғын үй құрылысын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік форматында мемлекеттік қолдаудың тиімділік деңгейі арта бастаған. Қаржыландырудың негізгі арнасы төлем қабілеті жоғары сұранысты қалыптастыруға және ипотека инструменттері арқылы бастапқы қаражатты біртіндеп жинаудың тұрақты қаржы моделін қалыптастырған азаматтарға бағытталған. 2017 жылдың қазанынан 2018 жылдың қазанына дейінгі кезеңде баспана алуға берілетін банк қарызының көлемі 17,2%-ға (184,6 миллиард теңге) көбейді, ипотека нарығындағы жоғары белсенділік Қазақстанның барлық өңірінде байқалып отыр.
Алматы облысында бір жыл ішінде ипотека нарығы қаржы жағынан 42,5%-ға артты, Астанада, Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында екінші дәрежелі банктер арқылы берілетін ипотека қарызының көлемі төрттен бірге ұлғайды.
Даму институттары мен құрылыс салушылардың жүйелі түрдегі өзара ынтымақтастығының арқасында жылжымайтын мүлік бағасы тұрақталып келеді, әсіресе, бюджеттік баспана сегментінде. Бұған қоса, халықтың табысы жоғары емес бөлігі үшін жаңа үйлердің оңтайлы бола бастау тренді ұзаққа созылып келеді.
Сарапшылардың мәліметінше, бір жағынан, есепке алынып отырған уақыт аралығында құрылыс саласындағы баға қалыптастыру механизмдері таза бола бастады, екінші жағынан, мемлекеттік бағдарламалар бойынша баспана алудың орташа чегі қалыптаса бастады. Құрылыс салушылар баспананың сатылатынына кепілдік алады, бұл да құрылыстың өзіндік құнын төмендетіп отыр.
Ал Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры үлескерлердің салынып жатқан тұрғын үй үшін алған несиесіне кепілдендіріп отыр. Қордың кепілдігімен тұтынушы салынып жатқан үйден кепілсіз пәтер сатып алу үшін банктен 50 миллион теңгеге дейінгі көлемде несие ала алады. Тұтынушының басқа пәтерінің болуы бұл бағдарламаға қатысуға кедергі болмайды.
Ranking.kz-тің мәліметінше, қазақстандық құрылыс компаниялары биылғы 11 айда жалпы аумағы 59,7 мың шаршы метр болатын жаңа пәтерді пайдалануға берген, бұл былтырғыдан 2 мыңға көп.
Мамандар пайдалануға берілген жаңа пәтерлердің көбейгеніне қарамастан көппәтерлі ғимараттардағы жалпы ішкі текше метрлердің жалпы көлемінің 2017 жылмен салыстырғанда 1,5%-ға қысқарғанын айтып отыр. Бұл құрылыс салушылардың эконом санатындағы көппәтерлі баспаналарды салу ауқымын кеңейткенін білдіреді.