Электр энергиясы тарифі 7 жыл бойы өзгермейтін болды

Қазақстанда электр энергиясының 2025 жылға дейінгі шекті тарифі бекітілді. Энергетика министрлігінің тиісті бұйрығын ведомствоның баспасөз қызметі жария етті.

1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясына шекті тарифтер бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс, — делінген Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың 2018 жылдың 14 желтоқсандағы бұйрығында.

Тарифтер 2019 жылдан бастап 2025 жылға дейін өзгермейді. Шекті тарифтер туралы мәліметті мына жерден қарауға болады.

«Астана-Энергия» АҚ шекті тарифтері 1 киловатт/сағатына 4,89 теңге көлемінде, «Алматы электр станциялары» АҚ 1, 2, 3-жылу электр станциялары, Қапшағай СЭС-і, Каскад СЭС-і тарифтері 8,33 теңге, Екібастұз МАЭС-1 5,76 теңге көлемінде бекітілді.