Геннадий Головкин мен Келл Брук
Геннадий Головкин мен Келл Брук ©Reuters

10 қыркүйек күні Лондонда WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен ұлыбританиялық Келл Бруктың арасында кездесу өтеді.

BoxingScene.com басылымының мәліметінше, Брук бұл жекпе-жектен шамамен үш миллион фунт стерлинг (төрт миллион доллар) табады. Ал Головкинның гонорары қанша екені әзірше белгісіз. Қазақстандық боксшы биылғы жылы сәуірде Лос-Анджелесте өткен америкалық Доминик Уэйдпен кездесуден екі миллион доллар алған болатын.

Ал Келл Брук өз кезегінде Головкинды жеңіп кетсе, салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің үздік боксшысы атанатынын мәлімдеп отыр. Оның бапкері Доминик Ингл мен промоутері Эдди Хирн өз шәкіртінің Головкинның бұрынғы қарсыластарының барлығын жеңе алатынын айтты.

Еске салайық, Головкин – Брук кездесуі 10 қыркүйекте Лондонда 20 мың орындық О2 аренасында өтеді. Қазақстан және Kazsport арналары тікелей эфирден көрсетеді. Көрсетілім Астана уақытымен 23:00-де басталады. Брук кездесуге бір күн қалғанда салмақ өлшеу рәсімінде жұртты таңғалдыратынын айтқан. Ол сонымен қатар орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша чемпионға қарсы кездесуге бар күшін салатынын мәлімдеген.

 

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!