Данияр Елеусінов 10 млн. теңгені «Бәйтерек» қайырымдылық қорына аударады

Алтай Көлгінов Данияр мен оның әкесі әрі бапкері Марат Елеусіновтің әрқайсысына 10 млн. теңгенің сертификатын табыс етті. Данияр сол бойда алғысын білдіріп, осы қаржыны сал ауруына ұшыраған мүгедек балаларға көмек ретінде «Бәйтерек» қорына аударатынын жеткізді.

Құрметті мейман әкесімен бірге бұдан кейін туған жері Қазталов ауданында болып, кездесулер өткізеді. Сондай-ақ 10 қыркүйекте қала күніне орай Оралда өтетін велошеруге қатыспақшы.

«Бізді осылайша қарсы алып, құрметтеп жатқан жерлестерімен ризамын. Бұдан былай да әуесқой бокс бола ма, әлде кәсіпқой бокс бола ма, қайсысында болсын, ел сенімін ақтай беруге тырысамын. Кәсіпқой боксқа ауысатыным жөнінде хабарлар жарияланып, сұрақтар қойылып жатыр. Бұған байланысты айтарым, ұсыныс баршылық. Бірақ біз әлі шешкен жоқпыз»- деді Данияр Елеусінов.

ДереккөзҚазАқпарат