Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Мәскеуде өткен XVI халықаралық «Золотой Витязь» театр форумының бас жүлдесін жеңіп алды. Бұл — тәуелсіздікпен құрдас театр ұжымының кезекті жеңісі.
Театрдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мәскеуде өткен XVI халықаралық «Золотой Витязь» фестиваліне ресейлік театрлармен бірге Армения, Сербия, Қазақстанның өнер ордалары қатысқан.
Қазылар барлық театрдың қойылымын тамашалап, үздік спектакльді таңдаған. Бас жүлдені жеңіп алған Астанадағы Қалибек Қуанышбаев драма театры Уильям Шекспирдің әйгілі «Отелло» трагедиясын Қазақстанның халық артисі Талғат Теменовтің жетекшілігімен қойды.
Айта кетейік, мәдениет пен өнерді дамытуға арналған «Золотой Витязь» ХVI халықаралық форумының қорытынды бөлімі 29 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтті.