«Алтын сапа» сыйлығының иегерлері белгілі болды

Бүгін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын табыстады.

Биыл үздік кәсіпорын атағы үшін шағын, орта және ірі бизнестен 182 үміткер сайысқа түсті. Лауреаттар «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» және «Азық-түлік тауарларын және ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» аталымдары бойынша анықталды. Үкімет басшысы «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен «СемАз» ЖШС (Шығыс Қазақстан облысы), орта кәсіпкерлік субъектілерінен ALUGAL ЖШС (Алматы облысы), шағын кәсіпкерлік субъектілерінен «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС-ні (Батыс Қазақстан облысы) марапаттады.

Сонымен бірге «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясында ірі кәсіпкерлік субъектілерінен «Радуга» ЖШС (Солтүстік Қазақстан облысы), орта кәсіпкерлік субъектілерінен «Бал Текстиль» ЖШС (Түркістан облысы), шағын кәсіпкерлік субъектілерінен Novacom Technology ЖШС (Жамбыл облысы) жеңіске жетті.

«Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» номинациясында ірі кәсіпкерлік субъектілерінен «МЫРЗА-ХАН» ЖШС (Астана), орта кәсіпкерлік субъектілерінен «Теміржол көлігіндегі қазақстандық сертификаттау орталығы» ЖШС (Астана), шағын кәсіпкерлік субъектілерінен «БиКаДа» ЖШС (Маңғыстау облысы) жеңімпаз деп танылды.

«Азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясында ірі кәсіпкерлік субъектілерінен «Рыбпром» ЖШС (Алматы облысы), орта кәсіпкерлік субъектілерінен «Бижан» ет өңдеу кешені» ЖШС (Алматы қаласы), шағын кәсіпкерлік субъектілерінен «Гормолзавод» ЖШС (Ақмола облысы) үздік шықты.

ДереккөзInform.kz