Коньки тебу 

Медеу коньки
Коньки тебу. Фото:voxpopuli.kz

Коньки тебу спорты — қысқы танымал ойындардың бірі. Конькимен мұз үстінде жүрудің тарихы өте ежелден басталады. ХVI ғасырда коньки тебу Скандинавия елдерінде жарыс түрінде қалыптасқан. Ал конькимен жүгіру жарысы ең алғаш рет 1676 жылы өткізілген.

Жалпы коньки тебу — қысқы демалыстың ең әдемі әрі ең қиын түрлерінің бірі. Коньки тебудегі қиындықтан құтылу үшін қарапайым ережерлерді сақтаған дұрыс. Коньки тебуді енді бастап жүргендер үшін роликті тебуге арналған экипировка жарай береді. Сонымен қатар мұздағы ауа температурасы төмен болғандықтан мейілінше жылы киінген дұрыс. Құлаған кезде жарақаттанбау үшін тізеқап, шлем мен қолғап кию керек.

Сноубордпен сырғанау

Сноубординг спорты
Сноубординг. Фото: vokrugsveta.ru

Сноубординг — сноубордпен тау бөктерінен шапшаң сырғанаудан, арнайы трассада акробатикалық элементтерді орындаудан тұратын спорт түрі. Соңғы жылдары бұл спорт түрі танымал бола бастады.

Сноубординг тарихы өткен ғасырдың 60-жылдарынан басталады. Оның негізін қалаушы — американ серфингисі Шерман Поппен. Ол екі тау шаңғысын біріктіріп, алдыңғы бөлігіне снарядты басқаруға мүмкіндік беретін арқанды бекітіп, туындысын «снерф» деп атаған.

Шанамен сырғанау

Табаған
Шанамен сырғанау. Фото: lovealmaty.kz

Біздің ұғымымызда шана балаларға ғана тән дүние секілді. Бірақ шанамен сырғанаудың денсаулыққа пайдасы зор. Шанамен сырғанау жүрек бұлшықеттерінің дұрыс жұмыс істеуіне және арықтауға септігін тигізеді. Шана спорты бойынша ең алғашқы жарыс 1883 жылы 12 наурызда ұйымдастырылған деген дерек бар.

Тау шаңғысы спорты

Шаңғы
Тау шаңғы спорты. Фото: dodasport.kz

Тау шаңғысы спорты — шаңғы спортының бір түрі. Тау шаңғысын тебудің алғашқы ережесін 1920 жылдары ағылшын Арнольд Лунн есімді азамат құрастырған. Жылдам сырғанаудан 1923 жылы Швейцарияда тұңғыш рет жарыс өткен. Ал 1936 жылы тау шаңғысы спорты Олимпиада ойындары бағдарламасына енгізілген.

Қыста жүгіру

Қыста жүгіру. Фото: Mail.kz

Қыста жүгіру өзге мезгілдермен салыстырғанда әлдеқайда пайдалы. Қыста оттегі таза болып, өкпеге газ аз мөлшерде түседі. Таза оттегі тынысалу жолдарын жақсартады.

Жүгіру адам көңіл-күйін көтеріп, сергек жүруге, сонымен қатар хандра мен депрессиядан арылуға көмектеседі. Күн суық кезде адам денесі температураны қалыпты сақтауға көмектесетін күш бөледі. Мұндай уақытта денедегі бұлшықеттер жаз мезгіліне қарағанда екі есе артық жұмыс істейді екен.