Antutu.com сарапшылары 2018 жылдың ең танымал 10 Android-смартфонын атады. Рейтинг қолданушылардың қараша айындағы бағалауы негізінде жасалған.
Қолданушылардың жоғары бағасының жиынтық көрсеткіші пайызбен өлшенген. 97% көрсеткішпен рейтингтің алғашқы орнына Xiaomi Mi 8 Explorer Edition смартфоны шығып отыр.
2018 жылдың топ-10 Android-смартфоны:
- Xiaomi Mi 8 Explorer Edition (97%)
- Samsung Galaxy S9+ (96%)
- Meizu 16th (96%)
- Huawei Mate 10 Pro (95%)
- Oppo Find X (95%)
- Meizu 16th Plus (95%)
- OnePlus 6 (94%)
- Huawei Mate 10 (93%)
- Vivo NEX Ultimate (93%)
- Samsung Galaxy S8+ (92%)