Аяз, тұман, көктайғақ: 7 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы

Қызылорда, Атырау, Маңғыстау облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болатыны тұрғындарға алдын ала ескертілді. 

Ауа райы 9 қаңтар
Фото: Report.az

“Қазгидромет” РМК мамандарының мәліметінше желтоқсанның 7-сі күні Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, күн аязды әрі жауын-шашынсыз болады, жауын-шашын тек республиканың батыс аудандарында болады, оңтүстікте, шығыста және орталықта жел соғады. Республиканың басым бөлігінде тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады. Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады. Алматы облысында да тұман түсіп, жекелеген аудандарда 18-23 м/с жел соғады, жел екпіні секундына 25 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында күн тұманды болады. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жекелеген аудандарда 15-20 м/с жел соғады.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!