Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Аяз бен тұман: 5 желтоқсан күнгі ауа райы

Фото: 2.bp.blogspot.com

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 5 желтоқсанда республиканың басым бөлігі антициклон ықпалында болады, соған байланысты күн жауын-шашынсыз әрі аязды болады. Солтүстік аудандарда қар жауып, оңтүстік-шығыста жел соғады. Өңірлерде тұман түсіп, батыста көктайғақ болады, солтүстікте жаяу бұрқасын соғады.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі, Жалаңашкөл көлі ауданында 15-20 м/с жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады.

Жамбыл, Түркістан облыстарында да тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде де тұман болуы ықтимал. Түркістан облысында тұманға байланысты ескерту жарияланды.

Мақалаға реакция