Ұлттық құдылықтар туралы мақалалар арасында байқау жарияланды

Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық порталында «Дін мен дәстүр» жобасы аясында «Ұлттық құндылықтар – ұлт қорғаны» атты тақырыпта мақалалар байқауы жарияланды.

Дін басқармасының байқауды ұйымдастырудағы мақсаты — қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу, сырттан келіп жатқан түрлі діни ағымдардың салт-дәстүрді жоққа шығаруы сияқты қауіпті үрдістердің себеп-салдарын ашып көрсету, ұлттық құндылықтарымыздың мән-мағынасына, мазмұнына үңілуге талпыныс жасау.

Жеңімпаздарға арнайы медальдар және бағалы сыйлықтар беріледі.

Байқауға материалдар 5 қараша сағат 9.00-де бастап, 25 қараша сағат 18.00-ге дейін қабылданады. Үздік мақала жазғандар қарашаның соңында өтетін Естай Беркімбайұлының шығармашылығына арналған концертте марапатталады.

Сонымен, мақалаға қойылатын талаптар:
— Көлемі 7 беттен аспауы керек;
— Әріпі 14 шрифтпен, 0,5 интервалмен жазылуы тиіс;
— Автор мақалаға толық аты-жөнін, фотосын, телефон нөмірін қосып, [email protected] электронды поштасына жолдауы тиіс.