4 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, 4 желтоқсан күні республиканың басым бөлігі антициклон ықпалында болады, соған байланысты күн жауын-шашынсыз, бірақ аязды болады, тек солтүстік пен шығыста қар жауады, оңтүстікте және шығыста жел соғады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, батыста көктайғақ болады, солтүстік пен шығыста жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.

Синоптиктердің болжамы бойынша Алматы облысында түнде арагідік тұман түседі, Жалаңашкөл көлі ауданында 17-22 м/с жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында да арагідік тұман түседі, күндіз жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысында арагідік тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау облыстарында да күн тұманды болады.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында көктайғақ болады.