Алматылық дәрігерлерге деcтpуктив дiни aғымдapдың зияны мен сақ болу жолдары түсіндірілді.
Алматы қаласының дін істері жөніндегі басқармасының тапсырмасымен №23 қалалық емханасында Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Асхат Кумашев діни экстремизм және терроризмді болдырмау жолдарын айтты.
Бүгінгі таңда діни экстремизм мен терроризм бүкіл әлемнің саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани жағдайына ықпал етіп отырғаны рас. Діни экстремизмнің негізгі мақсаты – өз дінінің басқа діни конфессияларға басым екенін мәжбүрлі түрде мойындату, халыққа өз діндеріне сай құқықтық нормаларды жасап, бөлек мемлекет құру. Ол — діни фанатизмнің шектен шыққан түрі. Діни экстремизм әлемді өздерінің шектен шыққан көзқарасы мен діни фанаттық идеологиясына сәйкес қайта құруға тырысады, — дейді Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі.
Шарада тәуелсіздік алған жылдан қазіргі уақытқа дейінгі елдегі діни жағдайдың өзгергендігі туралы статистикалық мәлімет айтылды. Елде болған террористік актілердің хронологиясы, шығу себептері мен алдағы уақытта болдырмау жолдары талқыланды. Емхана қызметкерлері өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, жауап алды.
ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қоғамдық санада экстремизм қаупінің, діни экстремизм мен терроризм идеологиясын қарсы насихаттау, зерттеулердің нәтижелері бойынша діни экстремизм мен терроризм профилактикасын әзірлеу міндеттелген.