Басты бетЖаңалықтарМектеп оқушылары...

Мектеп оқушылары деструктив ағымдарды ажырату жолдарымен танысты

Жалпы білім беретін №14 мектеп оқушыларына діни терроризм мен экстремизмге қарсы іс-әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында  дәріс оқылды.

Оқушыларға дін мен діндер тарихы туралы мәліметтер, соның ішінде Қазақстандағы дәстүрлі діндерге қатысты мағлұмат, олардың пайда болуы, дамуы, қоғам өміріндегі орны туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, мектеп oқушылaрынa, кoлледждер, ЖOO cтуденттеріне, мемлекеттiк oргaндaрғa, caудa oртaлықтaры, бaзaрлaрғa, қaлaлық емхaнaлaр мен бacқa дa мекемелерде дiн саласындағы мемлекет caяcaтын, деcтруктив aғымдaрдaн caқтaну, болдырмау жолдары туралы дәрістер мен кездесулер өткізіледі.

Алматыдағы №152, 192, 154, 149, 153, 156, 141, 1, 195, 6 орта мектеп оқушылары дін саласындағы заңдар мен деструктив ағымдардың белгілерін үйренді.

Шараларды Алматы қаласының дін істері жөніндегі басқармасының тапсырмасымен қалалық ішкі саясат бөлімінің «Мониторинг және талдау» орталығы ұйымдастырды.