Астанада отбасылық дуатлон өтеді

Қала әкімдігінің сайтының хабарлауынша, отбасылық дуатлонға денсаулығына қарай белгіленген қашықтықты бағындыра алатын ересектер мен балалар қатысады. Балалар екі жас санатында сайысқа түседі: 9-дан 11-ге дейін және 12-ден 14 жасқа дейін.

Бұл күні ерлер 2 км жүгіреді, ал аналар осы қашықтықты велосипедпен бағындырады, балалар 500 метрде жарысады.

Отбасылық дуатлонға тіркелу үшін қатысушылар [email protected] электронды поштасына өтініш жіберулері керек. 11 қыркүйекке дейін тіркеліп үлгермегендер, жарыс өтетін күні де өтініш бере алады. Тіркеу сағат 9:00-10:30 аралығында өтеді. Шара 11:00 басталады.

Қашықтықты сәтті бағындырып, жүлделі орын алған отабсылар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Отбасылық дуатлонның бас жүлдесі отбасыға арналған Ыстықкөлге жолдама, күміс жүлде — елордалық фитнес-орталықтардың біріне отбасылық абонемент, ал қола жүлдегерлерге велосипед беріледі.

ДереккөзҚазАқпарат