Еліміздің бас қаласында отбасылық демалысқа арналған кең ауқымды қызмет көрсететін интерактив ойын-сауық алаңы іске қосылды. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әкімдіктің мәліметінше, осы жылы қала тұрғындары мен қонақтары бүгінгі мегаполистен Ұлы Жібек жолы кезеңдерінің ғажайып атмосферасына бөленіп, «1001 түн» ертегілеріне, Лапландиядағы көңілді демалыс орындарына саяхат жасай алады. Астана әлемдік астаналармен бірге «қысқы ертегіге» көмкеріледі. #AstanaWinterland — қала тұрғындары мен қонақтарына арналған қысқы ойын-сауықтың жаңа форматының хештегі. Форматқа мыналар жатады:
— 12 тақырыптық алаң;
— 32 мұзайдын;
— 36 мұз төбешік;
— 400-ден астам іс-шара.
Қаланың әр тұрғыны мен қонағы төменде көрсетілген мұзайдындарының бірінде суретке түсіп, оны әлеуметтік желілерге AstanaWinterland хештегімен жариялап, «қысқы ертегінің» бір бөлшегіне айнала алады. Шаралар негізінен орталық алаңда, Ботаникалық бақта, EXPO-2017 аумағында, «Хан шатыры» сауда ойын-сауық орталығы маңында, Президет саябағында, «Қазақ елі» монументі маңындағы алаңда, «Ататүрік» саябағында, Есіл өзенінің жағалауында, «Жерұйық» саябағында, Ақбұлақ өзенінің жағалауында және «Алатау» СК аумағында өтеді.
Қаланың шетінде орналасқан «Жағалау», «Көктал-1», «Ильинка», «Өндіріс», «Кирпичный» тұрғын үй кешендерінің, «Рахмет» сауда үйі маңының және Қосшығұлұлы көшесіндегі үйлердің тұрғындары да «қысқы ертегіге» бөленеді.
Сонымен қатар елорда тұрғындары мен қонақтары в Facebook парақшасындағы «Астана 24/7» тобында (https://www.facebook.com/groups/astana24na7/) AstanaWinterland-тің ең үздік логотипіне дауыс бере алады. Дауысты ең көп жинаған логотип 2018-2019 жылғы қысқы маусымда Астанада өтетін барлық іс-шараның символы болмақ. Кез келген адам дауыс бере алады.