#Еlbasyjanemen хештегімен 500-ге жуық фотосурет жарияланды

«Елбасы және мен» фотобайқауына өтініш қабылдау жалғасып жатыр.

Астана әкімдігінің мәліметінше, Instagram-да #Еlbasyjanemen хештегімен 475 сурет жарияланып үлгерді. Жастар желіге Президентпен бірге түскен суреттерін жариялап, белсенділік танытып жатыр. Олар Нұрсұлтан Назарбаевпен алғаш кездесуі, толғаныс сәттері, мақтаныш пен қуаныш сезімі туралы жазбалар қалдырған.

Ұйымдастырушылар аталған материалдардың да байқаудың комиссиясында қаралатынын хабарлады.

Instagram желісіндегі ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған «Елбасы және мен» тақырыбындағы фотобайқауға өтініш қабылдау 30 қарашада Астана уақытымен сағат 23.59-да аяқталады. Байқауды ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы жөніндегі комитеті мен Астананың қоғамдық даму істері басқармасы ұйымдастырды.

Байқау шарты бойынша қатысушы Instagram-дағы жеке парақшасына #ElbasyJaneMen хештегімен Президентпен түскен суреттін жариялап, @kdms.gov, @kdm.gov.kz, @qogamdyk_damy_astana парақшаларына жазылып, оларды жазбаларында белгілеуі керек.

Жеңімпаздар үш санат бойынша бағалы сыйлықтарға ие болады. Қазылар таңдаған үздік суреттер Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығында, Тұңғыш Президент кітапханасында және «Хан Шатыры» орталығында өтетін фотокөрмелерге қойылады.

ҚР ҚДМ Жастар және отбасы жөніндегі комитеттің @kdms.gov парақшасында ең көп лайк жинаған қатысушы байқаудың жеңімпазы атанады.