«Жыл таңдауы-2018»
«Жыл таңдауы» ұлттық музыкалық жүлдесін тапсыру салтанаты биыл үшінші рет өтеді. Бұл жолғы кешке қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарымен қатар Молдова әншісі Dan Balan мен көпшілікке Cry Cry әнімен танылған неміс-американ әншісі Oceana келеді. Билеттерді Ticketon.kz сайтынан алуға болады, бағасы 1000-10000 теңге аралығында. Сонымен қатар 1 желтоқсанға дейін сүйікті әншілеріңізге Hitparad.kz сайтына кіріп, дауыс бере аласыз.
Өтетін уақыты: 1 желтоқсан, сағат 18:00.
Өтетін орны: Almaty arena.
Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік концерт
1 желтоқсан күні Жамбыл атындағы филармонияда Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы және Мемлекеттік ағаш үрмелі аспаптар квинтетінің қатысуымен Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Салтанатты концертте Қазақстанның халық артисі Нұрғали Нүсіпжанов, «Дарын» сыйлығының лауреаты Ержан Әлімбетов және халықаралық байқаулардың лауреаттары Мақпал Тоқтағанова мен Біржан Бәзілжанов өнер көрсетеді. Кіру тегін.
Өтетін уақыты: 1 желтоқсан, сағат 12.00.
Өтетін орны: Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы.
«Шығыс базары» жәрмеңкесі
30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Алматыдағы Мемлекеттік орталық музей «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесіп дәстүрлі «Шығыс базары» орталықазиялық жәрмеңкесін өткізеді. Жәрмеңкеге 100-ден астам қолөнершінің туындылары қойылып, дәстүрге айналған семинарлар өткізіледі. Билет бағасы — 100-300 теңге.
Өтетін уақыты: 30.11-02.12 аралығында сағат 9.30-дан 18.00-ге дейін.
Өтетін орны: ҚР Мемлекеттік орталық музейі.
Let’s eat Christmas фестивалі
1 желтоқсанда Let’s eat Christmas фестивалі жаңажылдық тағамдарымен қуантып қана қоймай сатып алуға болатын әртүрлі кәдесый ұсынады. Мерекелік көрмеде live band Galantus өнер көрсетеді. Олар келушілерге Жаңа жыл атмосферасын сыйлауға дайын. Көрмеге кіру тегін.
Өтетін уақыты: 1 желтоқсан, сағат 11.00-ден 20.00-ге дейін.
Өтетін орны: Kaisar plaza сауда орталығы, Желтоқсан көшесі, 115.
«Терабитаға дейінгі көпір» фильмінің көрсетілімі
Балалар киноклубы осы жексенбіде «Терабитаға дейінгі көпір» фильмін көруге шақырады. Аталған фильмнің сюжеті 5-сынып оқушылары Джесс Аарон мен Лесли Берктің бастан кешкен оқиғасына құрылған. «Басқа кино» балалар киноклубы әр жексенбі сағат 12.00-де ата-аналар мен балаларға арнап түрлі көрсетілім ұйымдастырады. Кіру тегін.
Өтетін уақыты: 2 желтоқсан, сағат 12.00.
Өтетін орны: «Цезарь» кинотеатры, Назарбаев даңғылы, 50.