Басты бетЖаңалықтарБақытжан Сағынтаев...

Бақытжан Сағынтаев көмір жеткізу құнын қадағалауды әкімдерге тапсырды

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында әкімдіктерге көмірді соңғы тұтынушыға дейін тасымалдау мәселесін бақылауды тапсырды.

Баға негізінен тұйықтарда төмендеп жатыр. Тасымалдау, тиеу — жергілікті әкімдіктердің жұмысы. Егер қазір бұл жұмыс орындалмаса, тасымалдың есебінен баға біз 15-20%-ға азайтқаннан кейін тағы көтеріліп кетуі мүмкін, — деді ол.

Премьер-министрдің айтуынша, Үкімет көмір бағасын реттеу бойынша көп жұмыс атқарды.

Біз көмірдің негізгі тасымалдаушыларымен келісімшарт бекіттік, жұмыс аяқталды, бірақ енді негізгі жұмыс — түпкі тұтынушыға жеткізу. Жергілікті әкімдіктерден осы жұмысты бақылауға алуды сұраймын, — деді Бақытжан Сағынтаев.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өңірлердің көмірмен қаншалықты қамтамасыз етілгенін айтты.

Батыс Қазақстан және Қостанай облысы әкімдіктерінің мәліметінше, олар көмірдің қажетті мөлшерімен толық қамтылған. Қажеттіліктің жылдық жоспары бойынша сегіз облыста және Алматы мен Шымкентте көмір қоры 85%-дан асады. Жеткізу кестесінен Алматы облысы 92,5%-ға, Шығыс Қазақстан облысы 90,8%-ға, Жамбыл облысы 91,9%-ға, Қарағанды облысы 3,5%-ға, Қызылорда облысы 95%-ға, Павлодар облысы 88%-ға, Солтүстік Қазақстан облысы 89,9%-ға, Түркістан облысы 89,9%-ға, Алматы 91,1%-ға, Шымкент 97%-ға озып отыр, — деді Жеңіс Қасымбек.

Министрдің айтуынша, Ақмола, Ақтөбе облыстары мен Астанаға көмір ай сайынғы жоспар бойынша жеткізіліп жатыр.

ДереккөзZakon.kz