Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Синоптиктер Алматы мен Ақтөбе тұрғындарына ескерту жасады

Фото: Нұрназар Әмзе
«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

15 маусымда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, түнде Ақтөбе қалаларында болуы мүмкін, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Мақалаға реакция