«Ұлы даланың жеті қыры» — ел үшін маңызды еңбек

Біз осы көне құрылықтағы, көптеген халықтың өмір сүру салты мен дамуына тікелей әсер еткен шешімдер қабылдаған ұлы далалықтардың ұрпағымыз. Мұндай көзқарас жас мемлекетіміздің саяси және мәдени тұрғыда одан ары дамуы үшін қажетті алғышарттарды жан-жақты және терең қарастыруды қажет етеді.

Бүгінде тәуелсіз Қазақстанда Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев жасаған тарихи қадамдар ұлы бабаларымыз бен Ұлы дала тарихының дәуірі егемен еліміз бен тұтас әлемге қалдырған ізгі істердің, мол мұраның жалғасы болып табылады.

Еуразияның дәл жүрегінде орналасқан еліміздің ұлан-ғайыр даласы, тау мен тасы, өзені мен көлі бізге оңайшылықпен тиген жоқ. Бұл бабаларымыздың төгілген қаны мен тері, «ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» келген, бүгінде мақтан тұтуға және қорғауға лайықты қастерлі аманат.

Біздің бай мәдени мұраларымыз өз мемлекетіміздің азаматы мен патриотының жеке тұлға ретінде қалыптасуына және шыңдалуына тікелей ықпалы тиетіндей болуы тиіс. Жер көлемі жағынан әлемдегі тоғызыншы орынды иеленетін алып өлкемізді бабаларымыз шапқыншылықтардан қорғап, өркендеткенін, көшпелі өркениеттің тамаша жетістіктерін тұтас ғаламға сыйлағанын таразылай отырып, көңіліңде мақтаныш сезімі оянумен қатар, зор жауапкершілік құқығы жүктелетінін түйсінесің.

Бұл айтылғандарды терең ұғына білу, әсіресе, біздерге, жастарға қажет. Өйткені, соңғы кездері ғаламдық кеңістікте діни-моральдық және қоғамдық-адамгершілік құндылықтардың әлсіреуі байқалады. Жастардың тарихқа деген қызығушылығы төмендеп, өзінің шыққан түп негізін ұмытуға айнала бастады.Осындай сындарлы сәтте халыққа жеткен Елбасының мақаласы дәл уақытында жарық көрген әрі аса маңызды еңбек деп ойлаймыз.

Қазіргі таңда жас жеткіншектердің санасына олардың кең-байтақ ата-мекеніміздегі қасиетті жерді, осы кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралған баға жетпес байлықты қалдырған ержүрек далалықтардың ұрпағы екенін сіңіру өте маңызды. Бұл өте жауапты іс және қазақстандық келер ұрпақ алдындағы баршамыздың ортақ парызымыз.

Станислав Канкуров,

«Нұр Отан» партиясы Алматы филиалы төрағасының бірінші орынбасары