Басты бетЖаңалықтарАстанада Президент...

Астанада Президент шығарған және ол ұнататын әндер шырқалды

Астанада ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Көңілдің асыл пернесі: Нұрсұлтан Назарбаевтың ән шығармашылығы» республикалық байқауының қалалық іріктеу кезеңі өтті. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Байқауға 80 мектептен 140-қа жуық оқушы қатысты. Жас орындаушылар 12-14 жас және 15-17 жасқа дейінгі екі жас категориясында өнер көрсетті. Байқау жеңімпаздары «Бабамнан қалған кең дала», «Біздің Президентіміздің сүйікті әндері толқынында» және «Домбырада орындалатын әндер» сияқты үш аталым бойынша анықталады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың мақсаты — Мемлекет басшысының ән-күй шығармашылығын зерттеу және танымал ету.

Астана президент байқау
Фото: Astana.gov.kz

Біз жас ұрпақтың ҚР Тұңғыш Президентінің роліне қатысты көзқарасын оның сүйікті әрі авторлық әндері арқылы қалыптастырғымыз келеді. Өйткені авторлық және сүйікті әндері адамның Отанға, халыққа, елдің тарихына және салт-дәстүрлеріне деген рухани ұмтылысын дәріптейді. Биыл Қазақстанда Ұлттық Домбыра күні белгіленген болатын. Соған орай  «Домбырада ән орындау» номинациясы енгізілді. Бұл — қазақтың халық әндері, Біржан сал, Естай, Ақан сері әні, яғни ең бай мұра, — дейді ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының ғылыми қызметкері Саягүл Жақыпова.

Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйікті әндері мен оның өзі шығарған музыкалық шығармалардың республикалық байқауы 24 қарашада өтеді.