Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше заңға қол қойды.
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының «Қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер болатын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын, атыс қаруын, оның негізгі бөліктерін, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғыларды беру тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қызыл Крест комитетінің арасындағы Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Қызыл Крест комитеті өкілдігінің мәртебесі, артықшылықтары және иммунитеттері туралы келісімді ратификациялау туралы» заңына қол қойды.
Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Туймазы – Омбы-Новосибирск-2» және «Омбы-Павлодар» магистральдық мұнай құбырларындағы технологиялық мұнайдың мәртебесін айқындау туралы келісімді ратификациялау туралы» заңына қол қойды.