Астаналықтар мен қонақтар Ботаникалық бақта, Кемал Ататүрік саябағында және Есіл өзенінің жағалауында бұғы жеккен шанамен жүре алады. Қала әкімінің баспасөз қызметі желтоқсандағы мерекелер Астанада қалай, қайда тойланатынын хабарлады.
ҚР Тұңғыш Президенті күні, Елорданың көшкен күні және Тәуелсіздік күні бірнеше мәдени шара өтеді.
1 желтоқсанда «Энергия Холы» концерт залында қазақстандық эстрада әншілерінің қатысуымен Тұңғыш Президент күніне арналған «Жаңа дәуір — жарқын болашақ» атты мерекелік кеш ұйымдастырылады.
Елорданың көшкен күніне орай «Астана» концерт залында «Астана Арманы» мерекелік концерті ұсынылады.
Астана әкімдігінің алдындағы алаңыда 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күні құрметіне жетекші шығармашылық ұжымдар мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.
15 желтоқсанда «Алғашқы қар» шарасымен ресми түрде шаңғы тебу маусымы ашылады.
Қыста мұз айдындары мен мұз қалашықтары елордалықтардың ең сүйікті демалыс орындарына айналады. Осы жылы мұз қалашықтары қаланың үш аумағында ашылады: «Хан Шатыры» СОО маңында, Астана әкімдігі алдында және Ботаникалық бақ аумағында. Әр демалыс сайын онда жәрмеңкелер, концерттер, театрландырылған қойылымдар және отбасылық-спорттық «Көңілді қыс» форматындағы «көңілді старт» ойындары өткізіледі, — деді қалалық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нарима Мұхамбеталина.
Коньки тебуді және шанамен сырғанауды ұнататындар үшін Астанада 11 негізгі сырғанақ және ақ қалашық салынады: Ботаникалық бақ, «Хан Шатыр» СОО, Астана әкімдігі алдындағы алаңда, Кемал Ататүрік атындағы, «Жетісу», «Жерұйық» саябақтарында, ЭКСПО аумағында, «Алатау» СК жанында, Есіл және Ақбұлақ өзенінің жағалауы, Бейбітшілік және Келісім арайы ауданында.
Қала маңындағы тұрғын үйлерде, шет аймақтарда тұратын азаматтарға қысқы ойын-сауық қол жетімді болады. Мұз айдындары мен сырғанақ алаңдары Үркер, Көктал-1, Кирпичный, Өндіріс тұрғын үй алабы аумағында, №10 емхана ауданында, «Жағалау» ТК аумағында және Нұрғиса Тілендиев көшесінде орналасқан «Рахмет» СҮ аумағында ұйымдастырылады.