2011 жылдан бері қалада 90-нан астам көпқабатты тұрғын үй модернизацияланды. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қайтарымды қаражат есебінен сегіз нысанда 198,7 миллион теңгеге жөндеу жүргізіліп жатыр.
Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы мамандарының мәліметінше, жөндеу жұмыстары мына мекенжайлар бойынша жүргізіліп жатыр: Мәмбетов көшесі, 6,8,8/1,8/2,8/3 (орталық жылу пункітін жаңғырту) — жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатыр, Затаевич көшесі, 11 (шатырды күрделі жөндеу, электр желілерін ауыстыру), Жирентаев көшесі, 19 (шатырды күрделі жөндеу), Абылай хан даңғылы, 27/1 (шатырды күрделі жөндеу, қасбетін панель аралық жіктерін жөндеу), Құдайберді ұлы даңғылы, 14 (шатырды күрделі жөндеу), Бөгенбай даңғылы, 28 (екі жолаушылар лифтін ауыстыру), Күмісбеков көшесі, 6 (жолаушылар лифтін ауыстыру), Петров көшесі, 20 (2 жолаушы лифтісін ауыстыру).
Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеу бойынша жүргізілген жұмыс нәтижесінде күрделі жөндеуді талап ететін үйлер үлесінің азаюы, тұтыну энергиясының 20 %-ға дейін үнемдеуге, жылжымайтын мүлікті капиталдандыруға қол жетті, — делінген басқарманың хабарламасында.
Жаңғырту бағдарламасының аралық нәтижелері бойынша тұрғын үй қорының қызмет мерзімін ұзарту, электр және жылу энергиясын тұтынуды елеулі үнемдеу байқалады. Тиісінше өз үйлерін жаңғыртуға ниет білдіргендер саны өсіп отыр. Астананың көппәтерлі тұрғын үй қоры — 2 593 үй. Олардың 87-сі апатты деп танылған, ал күрделі жөндеуді қажет ететін үйлер саны — 271.