Сауат Мыңбаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына басшы болды

Сауат Мыңбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жаңа басшысын таныстырған «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Ахметжан Есімов Сауат Мыңбаевтың «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясын басқарғандағы нәтижелі қызметін ерекше атап өтті.

Бұған дейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын Қанат Алпысбаев басқарған еді.

Сауат Мыңбаев 1962 жылы қазіргі Алматы облысында дүниеге келген. Ол Қаржы министрінің орынбасары, Қаржы министрі, Ауыл шаруашылығы министрі, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Индустрия және сауда министрі, Энергетика және минералды ресурстар министрі, Мұнай және газ министрі қызметтерін атқарды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып 2013 жылдан бері қызмет етті.

ДереккөзTengrinews.kz