Басты бетЖаңалықтарЭнергетика вице-министрі...

Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа қамауға алынды

Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа екі айға тұтқындалды. Астана сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, санкция 2019 жылдың 16 қаңтарына дейін созылады.

Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты тергеу жүргізуші органның Шкарупа Анатолий Валерьевичке қатысты екі айға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы қолдаухатын қанағаттандырды.

Бұған дейін Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Анатолий Шкарупаның ұсталғанын және оның қызметтен кетуге арыз жазғанын айтқан еді.

Еске салайық, 7 қараша күні Ақордада Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Бас прокурор Қайрат Қожамжаров Энергетика министрінің жуырда тағайындалған орынбасары Анатолий Шкарупаның мемлекеттің 215 миллион теңгесін жымқыру қылмысына қатысы бар екенін мәлімдеді.

Анатолий Шкарупа 2018 жылдың 9 қазанында Энергетика вице-министрі болып тағайындалған еді. Ол 2015-2017 жылдары Қарағанды облысындағы Саранның әкімі болды. 2017 жылғы мамырдан бастап Қарағанды облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.

ДереккөзZakon.kz