Басты бетЖаңалықтарАтырау облысында...

Атырау облысында 10 мыңнан астам жұмысшының жалақысы көтеріледі

Атырау облысында 1720 кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын ұлғайтқалы отыр. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап өңірдің 10 мыңнан астам тұрғынының еңбекақысы көтеріледі.

Бүгін — 12 қараша күні Орталық коммуникациялар қызметінде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев «Мемлекет басшысы Жолдауын іске асыру аясында 2018 жылдың 9 айындағы Атырау облысы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындысы» тақырыбында ақпарат берді.

Облыс басшысы жаңа жұмыс орындарының ашылуы және азаматтардың мемлекеттік бағдарламаларға қатысу көлемі туралы айтты.

Атырау облысындағы жұмыссыздық деңгейі биылғы екінші тоқсанда 4,9% болды. Жалпы 26 494 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде, 16 246-сы тұрақты және 10 248-і уақытша. Жұмыспен қамту орталығы 16 666 адамды жұмысқа орналастырды, қоғамдық жұмыстарға 4 956 адам жіберілді, 411 адам кәсіптік даярлықтан өтті. Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында өңірде халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1720 кәсіпорында 42 мың теңге айлық алатын 10 415 адамның жалақысы ұлғайтылады. Қазіргі уақытта өңірдің 21 кәсіпорнында қызметкерлердің жалақысын арттыру шарасы жүріп жатыр. Бұл кәсіпорындарда жалпы алғанда 2 587 адам жұмыс істейді, — деді Нұрлан Ноғаев.

Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1166 кәсіпкер 81,4 миллиард теңгеге мемлекеттік қаржылық қолдау шараларымен қамтылды. Қаржыландыру 5778 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді, 15 970 жұмыс орны сақталып қалды.