нұр отан
Фото: Nurotan.kz

Алматыдағы №10 қалалық емханасының бас дәрігері Роза Тоқмолданова Әуезов ауданы медицинасының цифрлануы мен Елбасының Жолдауында қойылған міндеттерді тиімді жүзеге асыру туралы айтты. “Нұр Отан” партиясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бас дәрігер партияның Әуезов аудандық филиалында баяндама оқыды.

Әлеуметтік салаға және жалпы медицинаның дамуына қатысты мемлекет тарапынан жасалған шаралар, медициналық көмектің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Ал медициналық қызметтердің сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің маңызды компоненті, – дейді Роза Тоқмолданова.

Оның айтуынша, Президенттің “Цифрлық Қазақстан” бағдарламасы мен Жолдауында көзделген қызмет сапасын арттыру мақсатын Әуезов ауданының медициналық қоғамдастығы қазірдің өзінде жүзеге асырып жатыр. Аудан тұрғындарының 90%-ы электрондық денсаулық құжатымен қамтамасыз етілді.

Жолдаудағы медицина саласының басты міндеті – 2020 жылға қарай барлық халық үшін электрондық денсаулық төлқұжатын қалыптастыру, ауруханалардағы кезекті және бюрократияны жою.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!