Алматылық дәрігерлер электрондық денсаулық төлқұжаты туралы пікірлерін айтты

Жаңадан енгізілген төлқұжат дәргерлердің жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді. Бұл туралы Алматыда Республикалық санэпид қадағалау басқармасы қызметкерлерінің «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы ақпараттық-насихаттау тобының мүшелерімен кездесуде айтылды.

Онда ақпараттық-насихаттау тобы Президент Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында барды.

Ақпараттық-насихаттау тобы денсаулық сақтау жүйесін реформалау мәселелеріне жеке тоқталды.

Медициналық мекемелердің инфрақұрылымын жақсарту, барлық денсаулық сақтау жүйесі үшін бірыңғай платформаны іске қосу, оны басқа да ақпараттық сервистермен ықпалдастыру, электрондық денсаулық төлқұжаты пациенттердің электрондық тарихын енгізу медициналық қызметкерлердің жұмысын айтарлықтай жақсартады және жеңілдетеді, — деді «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының «Эксперт» БПҰ төрағасы Алена Магай.

Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, Президенттің Жолдауы Қазақстанның болашақта дамуында маңызды рөл атқарады және осы Жолдаудың бағдар арқылы мемлекет алға қойылған міндеттер мен мақсаттарды іске асыруда үлкен табыстарға қол жеткізеді.