«Мобильдік үкімет» қызметтерін бір реттік парольмен алуға болады

mGov нұсқасын жаңарту аясында бірнеше қызметті бір реттік пароль арқылы іске асыруға болатын функция ойлап табылды.

Енді қолданыстағы 43 мемлекеттік көрсетілетін қызмет пен 13 төлем түрінен басқа бір реттік пароль арқылы 13 қызметті қолдануға болады.

IOS базасында «Мобильдік үкімет қызметтерін пайдалану үшін қосымшаны жаңарту жеткілікті. Ал Android үшін Google Play-де mGov қосымшасын жүктеп алуыңыз керек. 

Бір реттік пароль көмегімен алуға болатын 13 қызметтің тізімі:

1. Мекенжай анықтамасы;

2. Заңды тұлғаның, филиал немесе өкілдіктің барлық тіркелген әрекеті туралы анықтама;

3. Тіркелген заңды тұлға, филиал және өкілдік туралы анықтама;

4. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің болуы туралы анықтама;

5. Жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама;

6. Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама;

7. Некеге тұру туралы анықтама;

8. Некені тіркеуге электрондық өтініш;

9. Баланың туу туралы анықтама;

10. Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама;

11. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтама;

12. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;

13. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді.

Айта кетейік, Алматыда 300-ден аса мемлекеттік қызмет электрондық түрде көрсетіледі. Оның 44-ін мобильді телефон арқылы тұтынуға болады.

“Цифрлық Қазақстан” бағдарламасы бойынша 2022 жылға дейін цифрлануды 80 пайызға көтеру жоспарланды.