Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Мектептерде қорытынды аттестация қашан өтеді?

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Оқу-ағарту министрлігі 2025–2026 оқу жылындағы қорытынды аттестацияны өткізу тәртібін бекітті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Жаңа бұйрық бойынша, 9-класс оқушыларының қорытынды емтихандары 2026 жылғы 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Оқушылар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтихан тапсырады.

Ал 11-класс түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2026 жылғы 2–15 маусым аралығына жоспарланған. Түлектер бес емтихан тапсырады, оның біреуі ауызша форматта өтеді.

Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанаты мектептерде 2026 жылғы 17–18 маусым күндері ұйымдастырылады.

Министрлік мәліметінше, аттестат тапсыру рәсімі мектеп басшысының бұйрығы негізінде және ата-аналар комитетімен келісу арқылы білім беру ұйымдарының ғимаратында өткізіледі.