«Алматы» ӘКК» АҚ Алматыда көктемгі маусымда демалыс күнгі азық-түлік жәрмеңкелерін тұрақты түрде өткізіп келеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Жәрмеңкелерге Алматы мен Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Қарасай, Жамбыл аудандарының, сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының тауар өндірушілері қатысып жатыр. Сауда алаңдарында 1000-нан астам азық-түлік өнімі ұсынылған.
