«Қайрат» пен «Шахтер» матчы

Алматыдағы Орталық стадионда «Қайрат» футбол клубы «Шахтермен» кездеседі. Бұл кездесу қазақстандық премьер-лиганың аясында өтпек. «Қайрат» пен «Шахтер» — бір-біріне лайық қарсыластар әрі еліміздегі танымал командалар. Сондықтан матчқа міндетті түрде барып, тартысты ойынды көріп қайтыңыз. Билеттерді стадион кассасынан немесе онлайын сатып ала аласыз.

Өтетін уақыты: 11 қарашада сағат 15.00-де.

Өтетін орны: Орталық стадион, Абай даңғылы, 48/8.

"Қайрат" футбол клубының туы
Фото: Fckairat.com

HackDay идеялар фестивалі

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында  Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті Білім және ғылым министрлігімен бірге жылда болатын HackDay идеялар фестивалін ұйымдастырады. Бұл жолғы фестиваль «Кино мен видео», «Контент пен медиа», «Ақпараттық технологиялар» және «Дизайн мен анимация» секциялары бойынша өтеді. Кіру тегін.

Өтетін уақыты: 10-11 қараша күндері сағат 08.40-та.

Өтетін орны: «Бақшасарай» қабылдау үйі, Тимирязев көшесі, 42.

HackDay фестивалі
Фото: Sxodim.com

«Өзгепланеталық» фильмінің көрсетілімі

Балалар киноклубы осы жексенбіде алматылықтарды «Өзгепланеталық» фильмінің көрсетіліміне шақырады. Фантастика жанрындағы картина 1982 жылы шыққан. Қанша жыл өтсе де, көрерменін жоғалтпаған қызыққа толы фильмді отбасыңызбен көруге кеңес береміз. Кіру тегін.

Өтетін уақыты: 11 қарашада сағат 12.00-де.

Өтетін орны: «Цезарь» кинотеатры, Назарбаев даңғылы, 50.

"Инопланетянин" фильмі
Фото: Film.ru

Фотокептірме

Шараға өзіңіз түсірген бірнеше суретті алып келіп, оларды жіпке ілу арқылы кептіресіз. Кез келген адам жобаның соңына дейін ұнаған фотосуреттерге дауыс беріп, үздік фотосурет авторларын анықтауға қатыса алады. Үш жеңімпазға демеушілер атынан бағалы сыйлықтар тағайындалған. Ал қайтарда өзіңіздің суреттеріңізді ұнатқан суреттермен алмастырсаңыз болады. Бұл — шараның басты идеясы. Кіру тегін.

Өтетін уақыты: 11 қарашада сағат 12.00-де.

Өтетін орны: Globus сауда орталығы, Абай даңғылы 109.

Байланыс нөмірі: +7 705 111 27 19

Фото: Sxodim.com

Италия музыкасы кеші

Бұл — итальян композиторы Джоаккино Россинидің құрметіне арналған бесінші концерт. Кеште Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солистері, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары өнер көрсетеді. Классикалық музыка тыңдап, жексенбінің кешін жақын адамдарыңыздың қасында өткізіңіз.

Өтенін уақыты: 11 қарашада сағат 18.00-де.

Өтетін орны: Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35.

Байланыс нөмірі: +7 705 185 05 05

Классикалық музыка
Фото: Vp.fo

«Густав Климт: 100 жылдан кейін» көрмесі

Австрияның Қазақстандағы елшілігі Esentai Gallery-мен бірге алматылықтарды «Густав Климт: 100 жылдан кейін» көрмесіне шақырады. Көрмеге көркемсурет өнерінің шебері Густав Климттың танымал туындылары жинақталған. Шара 30 қазаннан бастап қарашаның аяғына дейін созылады. Кіру тегін.

Өтетін уақыты: 30 қарашаға дейінгі аралықта сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін (демалыссыз).

Өтетін орны: Esentai Gallery, әл-Фараби даңғылы, 77/8.

"Густав Климт: 100 жылдан кейін" көрмесі
Фото: Sxodim.com