ҰҚШҰ сессиясы
Фото: Аkorda.kz

Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы сессиясына қатысты.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиынға Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай ээнбеков, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Армения Республикасы Премьер-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян және осы ұйымның Бас хатшысы міндетін атқарушы Валерий Семериков қатысты.

ҰҚШҰ сессиясы
Фото: Аkorda.kz

Кеңес мүшелері халықаралық және өңірлік қауіпсіздік проблемаларын, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің осы ұйым аясындағы және халықаралық аренадағы ықпалдастық мәселелерін талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің барлық мүшесіне сессияға қатысқаны үшін ризашылық білдіріп, жұмыс тәртібі жөнінде айтты.

Отырыста Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына 2018 жылғы төрағалығы қорытындыланып, оған мүше мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланады. Сонымен қатар Кеңес мүшелері күн тәртібіндегі халықаралық мәселелер және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында өзара іс-қимылды одан әрі нығайту жөнінде пікір алмасады. Сессияда Қырғызстанның келесі сессияаралық кезеңдегі төрағалығының басымдықтары да сөз болады.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!