Алматыда ҰҚШҰ Әскери комитеті отырысында аймақтағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ҰҚШҰ әскери құрамын дамыту мәселелері жөніндегі әскери комитетінің 13-отырысы өтті.

Отырыста ұжымдық қауіпсіздіктің Орталық Азия аймағындағы әскери қауіпсіздік қатерлері мен сипаты, олардың алдын алу шаралары талқыланды. Сонымен бірге ұйымға мүше мемлекеттердің Қарулы Күштері әскери комитеттерінің бас штаб басшылары Орталық Азиядағы әуе шабуылын ұйымдастыру, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының ұжымдық қауіпсіздік жүйесі міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін материалдық ресурстар қорын құру, тәжік-ауған шиеленісін болдырмауға бағытталған шараларды әзірлеу бойынша одан әрі жұмыс жасау бағыттары жөнінде пікір алмасты.

Ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы әскери-саяси жағдайды бақылау және талдау ұсыныстарды әзірлеу арқылы жалғасады. Қатысушылар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің Әскери ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі 2020 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты тыңдады. Ұйымға мүше мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздігі мен тұрақтылығын нығайту — басты мақсат. Әскери комитеттің келесі кездесуі 2019 жылдың бірінші жартысында Қырғыз Республикасында өткізуді жоспарлап отыр, — деді отырысқа төрағалық еткен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — ҚР Қарулы Күштері Әскери комитеті Бас штабының төрағасы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев.

Осы отырыстың қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған бірқатар келісімге қол қою жоспарланып отыр.