Таныстырылым кешінде жаңа смартфондар ұтыс ретінде ойнатылып, «Орда» тобы өнер көрсетті.

Орро, Қазақстан
Фото: Айжан Карибай

Қазақстандағы Oppo брендінің маркетинг және даму жөніндегі жетекшісі Ботагөз Кәрібаеваның айтуынша, жаңа RX17 Pro мен RX17 Neo-ға инновациялық дизайн мен жаңа технологиялар негізге алынған. Жаңа смартфондар жалпы сатылымға 16 қараша жіберіледі. Енді телефондардың ерекшелігіне тоқталайық.

Орро, Қазақстан
Фото: Айжан Карибай

Жұлдызды түнді айнытпай түсір

Түнгі фото режиміне қарай қазір смартфонның қаншалықты сапалы жасалғанын білуге болады. Смартфон шығарушы компаниялардың бәсекелесетін тұсы да — осы. Бұл бәйгеде озу үшін Oppo компаниясы RX17 Pro смартфонының фототүсіруші құрылғысын жақсартумен қатар арнайы бағдарламалық шешімін де қосқан. Нәтижесінде Al Ultra-clear арнайы Oppo-ның ерекше технологиясы шыққан. Технологиялық интеллект 23 жеке сюжетке дейін танып, оны 860-тан аса сценарийге қосады. Одан соң пиксель деңгейінде түстер реттеледі. RX17 Pro-ның негізгі камерасында Dual Pixel технологиясымен 12Мп сенсорлық Sony IMX362 қолданылған. Ал оның фронтал камерасы 25 Мп, F/2.0 апертуралы, Sony IMX362 сенсорлы және аппаратты HDR қарастырылған. SelfieTune 2.1 технологиясы 8 миллионға дейін сурет жақсарту нұсқасын ұсына алады. Онымен қоса, камера бір суретте 4 адамға дейін тани алады, әрқайсына жеке бьютификация жүргізуге мүмкіндік бар.

Орро, Қазақстан, презентация
Фото: Айжан Карибай

Құлатып алудан қорықпа және 10 минутта қуатта

RX17 Pro-ның тағы да бір ерекше тұсы – Corning Gorilla Glass 6 технологиясын қолданатыны. Бұл технологияның арқасында смартфон экраны құлауға төзімді — орташа есеппен 1 метрден қатты жерге лақтырғанда 15 соққыға дейін шыдайды. Және бір ерекшелігі — SuperVOOC тез зарядтау жолы. 40% қуат толуы үшін бар болғаны 10 минут керек екен.

Үздіксіз ойынға да шыдайтын ерекше дизайнды смартфон

Ал енді RX17 Neo жайлы айтатын болсақ, бұл жерде де 25 Мп фронтал камера мен технологиялық интеллект орнатылған, нәтижесінде адам бетіндегі 296 негізгі нүктені тани алады. Смартфонның процессоры Qualcomm 660 — 4Гб оператив және 128 Гб тұрақты жады бар. Осыдан RX17 Neo тамаша ойын смартфоны атағына лайық. Геймерлер сонымен бірге зарядының таусылып қалуына да уайымдамасын, ойын бағдарламалары үшін заряд қуаты оптимизацияланған.

Орро, Қазақстан, презентация
Фото: Айжан Карибай

Music on Display қызметі арқасында музыканы видео немесе басқа да ресурстардан тыңдаған кезде телефон экранын қосулы күйінде ұстап отырудың қажеті жоқ.

RX17 Neo-ның тағы бір ерекшелігі — корпусының түрлі бірегей түсі (Қызыл Мокко және Көк Комета). Күн көзіне қалай қаратпасаң да, IMT-градиентті технологиясының және ерекше дизайнының арқасында смартфон жаңаша көрінеді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!