Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Көлік құралын тіркеу туралы жаңа куәліктер беріле бастайды

Фото: Kolesa.kz

ҚР Ішкі істер министрлігі көлік құралдарын тіркеу туралы куәлік енгізу мерзімін өзгертті. Жүргізушілерге арналған жаңа куәліктер осы жылдың желтоқсанынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Министрліктің 2018 жылдың 17 қазанындағы тиісті бұйрығы 5 қарашада жарияланды. Бұйрық күшіне енгенге дейін жасалып, жүргізушілерге берілген техпаспорттар көлік құралы қайта тіркелгенше қолданыла береді.

техпаспорт
Фото: Kolesa.kz

Чиптарда мынадай ақпарат болады:

  • мемлекеттік тіркеу нөмірі;
  • куәліктің сериясы мен тіркеу нөмірі;
  • куәліктің берілген күні;
  • көлік құралының маркасы мен моделі;
  • көлік құралының шығарылған күні;
  • көлік құралының санаты;
  • көлік құралын есептен шығару туралы таңба;
  • сәйкестендіру нөмірі (VIN);
  • жүктемесіз массасы;
  • двигательдің көлемі;
  • рұқсат етілген ең жоғарғы массасы;
  • көлік құралының түсі;
  • көлік құралының иесі;
  • көлік құралы иесінің тұрғылықты мекенжайы;
  • ерекше таңбалары;
  • бастапқы тіркеу уақыты;
  • көлік құралын қайта жабдықтау түрі туралы мәлімет;
  • басқа да мәліметтер.

 

Мақалаға реакция