Автокөлік ұрланғанда не істеу керек?

2018 жылы Қазақстанда 360 автокөлік ұрланған. Nomad Insurance сақтандыру компаниясының мамандары автокөлік ұрланған жағдайда не істеу керек екенін айтты.

Автокөлік
©Drom.ru

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің дерегі бойынша 2018 жылдың алғашқы жартысында Қазақстанда 360 автокөлік ұрланған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 3,2%-ға артық. Ұрлықтың басым бөлігі Алматыда (136). Ал Қарағанды облысында (54), Оңтүстік Қазақстан облысында (36), Алматы облысында (22) және Астанада (20) тіркелген. Бұл өңірлердің жиынтық көрсеткіші елдегі барлық автокөлік ұрлықтың 74,4%-ы.

Егер көлік ұрлығы статистикасын әр облыстағы халық санымен салыстырсақ және көлік айдап әкету коэффициентін жан басына шақсақ, басқа нәтижені көреміз. Халықтың жан басына шаққанда ұрлық жөнінен Алматы мен Астана және Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар облыстары көш бастап тұр.

Өңірлер бойынша ұрлық статистикасы

ОблыстарАвтокөлік ұрлығының саныӘр өңірдегі автокөлік ұрлығы, пайызХалық саныЖан басына шаққандағы ұрлық коэффициенті
Алматы 13637,78%1 823 8807,5
Қарағанды облысы5415,00%1 380 2293,9
Астана 205,56%1 045 1371,9
Ақтөбе облысы164,44%862 4741,9
Павлодар облысы133,61%754 5011,7
Костанай облысы143,89%874 2641,6
Түркістан облысы3610,00%2 957 5101,2
Алматы облысы226,11%2 024 7911,1
Маңғыстау облысы71,94%667 7471,0
Қызылорда облысы82,22%787 7031,0
Ақмола облысы71,94%740 2610,9
Жамбыл облысы92,50%1 120 1890,8
Атырау облысы41,11%626 1110,6
Шығыс Қазақстан82,22%1 382 3760,6
Солтүстік Қазақстан облысы30,83%557 0670,5
Батыс Қазақстан облысы30,83%649 0740,5
Барлығы36018 253 314

 

(Кестеде көлік айдап әкету оқиғаларының ҚР Бас прокуратурасының мәліметі бойынша статистикасы және ұрлық саны мен халық санының арақатынасы негізінде шамамен есептелген ұрлық коэффициенті көрсетілген)

Автокөлігіңіз ұрланса, не істеу керек?

Жағдайды елестетіп көріңіз: таңертең үйден шықтыңыз, бірақ көлігіңіз орнында болмады. Не істеу керек? Ең бастысы – сабыр сақтау. Әуелі өзіңізге бірнеше сұрақ қойыңыз:

  1. Автокөлік қайда қойылып еді? Бәлкім, кеше түнде сіз көлігіңізді күнделікті орнына емес, басқа жерге қойған шығарсыз және тұрақ орнын ауыстырғаныңызды ұмытып қалған боларсыз.
  2. Автокөлік рұқсат етілген жерге қойылды ма? Егер олай болмаса (мысалы, көлік жүретін жерде), ол айыппұл тұрағында болуы мүмкін. Ішкі істер департаментіне қоңырау шалыңыз, мүмкін сіздің көлігіңізді рұқсатсыз жерде тұрғаны үшін алып кеткен шығар. Эвакуация қызметі арнайы хаттама жүргізеді, сондықтан көлігіңізді табу қиынға соқпайды.
  3. Өзіңізден басқа адамның автокөлікті пайдалануға құқығы бар ма еді? Мүмкін, көлік кілті жақын адамыңызда шығар, ал ол сіздің көлігіңізді айдап кеткенін ескертпеген болар.

Егер осы сұрақтарға жауап таппасаңыз, онда сіздің автокөлігіңізді ұрлап кетті. Nomad Insurance сақтандыру компаниясы мұндай жағдайда не істеу керек екенін айтты.

1-қадам. Полицияға қоңырау шалыңыз – 102!

102-ге хабарласқан соң полицияны күтіңіз. Әуелі сіздің шағымыңыз қабылданады, кейін өтініш жазу сұралады. Ескерту: автокөліктің иесі екеніңізді дәлелдеу үшін сізде көлігіңіздің құжаттары болуы керек.

Кеңес: құжаттарды автокөлікте сақтамаңыз!

Өтінішті қалай толтыру керек?

1) Көлік иесінің толық аты-жөні;

2) Тіркелген мекенжайы;

3) Тіркеу нөмірі, автокөліктің маркасы және түсі.

Қосымша ақпарат жазу да артық болмайды:

4) Көлікке сізден басқа кімнің құқығы бар? Сенімхат сол адамның атына жазылған болар, бәлкім немесе біреуде кілттің көшірмесі бар ма;

5) Кілтті жоғалтып алған кезіңіз болды ма?

6) Автокөлікте қандай сигнал жүйесі орнатылған?

Өтінішті жазғаннан кейін полициядан қылмыстық тергеу және ұрлық туралы куәлік сұраңыз, себебі бұл құжат көлікке салынатын салықты уақытша тоқтату үшін керек.

2-қадам. Сақтандыру компаниясына ұрлық туралы хабарлаңыз

Сақтандыру компанияларында call-центр бар. Сондықтан полицияға хабарлағаннан кейін уақытқа қарамастан бірден сақтандыру компанияңызға қоңырау шалыңыз.

3-қадам. Бейнежазбаны тексеріңіз

Егер автокөлік жабық автотұрақтан жоғалып кетсе (ол жерде міндерді түрде бейнекамера болуы керек)  немесе сіздің көршілеріңіз үй маңайына камера орнатқан болса, олардың жазбаларын қараңыз.  Сол кезде камераның жұмыс істеп-істемейтіндігіне көз жеткізесіз. Себебі өкінішке қарай, кейде ілулі тұрған камера жасамауы мүмкін.

 4-қадам. Барлық танысыңызды хабардар етіңіз

Автокөлігіңізді тәжірибелі ұры қолды қылса, ең алдымен ол көлікті “отстойникке” айдап апарады. Бұл – артық назар аудармайтын, оқшауланған аймақ. Әдетте мұндай жерлер ұрланған аймаққа жақын орналасады. Шу тынышталғаннан кейін ғана көлікті басқа жерге айдап әкетеді.

Сондықтан уақыт – сіздің дұшпаныңыз.

Барлық қолжетімді “ресурсты” пайдаланып, қолыңыздан келетін бар шараны қолданыңыз. Мысалы, туысқандарыңыз бен көршілеріңізден жақын аймақтағы барлық оқшауланған жерді қарап шығуын сұраңыз. Әлеуметтік желілерде көліктің ұрланғаны туралы жазып, кез келген ақпарат үшін сыйақы берілетінін хабарлаңыз. Көліктің сипаты мен ұрланғаны туралы неғұрлым көп адамның хабардар болғаны жөн.

 5-қадам. Өзіңіз де іздеңіз

Көлік ұрланғаннан кейінгі бірнеше аптада оны табуға мүмкіндік бар. Кейде ұрланған көлік соңғы рет көрген жерге жақын маңда табылады. Себебі көлік иесі ұрлық туралы бірден хабарласа, олар патрульге тап болуы мүмкін.

Сондықтан аула, автотұрақ сияқты барлық оқшауланған жерді тексеріп шығыңыз.

6-қадам. Көлік табылмаса, не істеу керек?

Жасалған шараларға қарамастан, көлік табылмаған жағдайда, сақтандыру компаниясына хабарласыңыз. Егер сізде “ұрлық” опциясы бар сақтандыру полисі болса, сізден сақтандыру төлемін алу үшін өтініш жазу және қажетті құжаттарды тапсыру сұралады. Көліктің ұрланғаны туралы арыз, қылмыстық істің қозғалғандығы жөнінде қаулы сақтандыру төлеміне негіз бола алады.

Сақтандыру компаниясына қандай құжаттар тапсыру керек?

1) Сақтандыру төлемі туралы өтініш. Оны толтыру үлгісін сақтандыру компаниясы береді.

2) Сақтандыру полисі. Егер оның түпнұсқасы болмаса, көшірмесі де жарамды. Егер көшірмесі де болмаса, компанияға өзіңіз білетін ақпараттың барлығын айтыңыз. Мысалы, полис нөмірі мен шыққан күні, полис кімнің атында; көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі.

3) Автокөлікке арналған тіркеу құжаттары: тіркеу туралы куәлік (техникалық төлқұжат), басқару және тіркеуден шығу сенімхаты, жүргізуші куәлігі;

4) Сақтандыру жағдайын растайтын құжат;

5) Автокөлік кілттерінің толық жиынтығы.

Сақтандыру полисі көп емес, ол потенциал залалдан аз. Мысалы, көлігіңізді КАСКО ерікті автосақтандыру бағдарламасымен сақтасаңыз, полистің орташа құны 3% болады.