Jordan Brand Головкинге арнап қазақы нақыштағы спорттық аяқ киім шығарды

Әйгілі боксшыға арналған GGG спорттық аяқ киімдері қазақы ою-өрнекпен нақышталған.

GGG спорттық аяқ киімдері
vk.com

 Jordan Brand екі дүркін Олимпиада чемпионы, атақты баскетболшы Майкл Джордан мен Nike компаниясының бірлесіп құрған компания. Ол спорттық атрибутика өндірумен айналысады.

Геннадий Головкин бұл компаниямен сәуір айында келісімшарт жасасқан еді. Енді ол  Jordan брендін әлемге таныстыратын Андре Уорд пен Рой Джонстан кейінгі үшінші адам. Бұл туралы ordan Brand президенті Ларри Миллер: «Біз Головкинді Jordan Brand отбасына қуана қабылдаймыз. Геннадийдің кәсіби әдебі, іске шеберлігі мен мәнері оны ерекшелейді», — деді.

GGG спортық аяқ киімдері
vk.com

Тақырыпқа тұздық:  Геннадий Головкин 10 қыркүйек күні  IBF тұжырымы бойы әлем чемпионы атағын қорғап қалу үшін  ағылшын боксшысы Келл Брукпен кездеседі. Кездесу Лондон қаласында өтеді.