Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі жоғарылады

Орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы қазанда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 11,8%-ға жоғарылады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 18,7%, сүт, тоңмай өнімдері мен жұмыртқаны сатып алу шығыстары – 14,6%, жеміс пен көкөніс сатып алу шығыстары – 12,7%, нан және жарма өнімдерін сатып алу шығыстары – 6,9%, қант, шай және дәмдеуіштерді сатып алу шығыстары 2,1% болды.

Орта есеппен халықтың жан басына шаққанда

0-13 жастағы балалар

14-17 жастағы жасөспірімдер

18 жастан асқан, еңбекке қабілетті халық

Зейнет-керлер мен қарт адамдар

жас жігіттер

қыздар

ерлер

әйелдер

Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы

28 620

25 237

35 692

27 349

33 600

26 656

26 496

Азық-түлік тауарлары

15 741

13 881

19 630

15 042

18 480

14 661

14 573

Азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтер

12 879

11 356

16 062

12 307

15 120

11 995

11 923

ҚР ҰЭМ

Ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төменгі тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төменгі тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі тұтыну себеті құнының 45%-дық мөлшерінде белгіленген.