Kaspi басшысы Михаил Ломтадзе үрейлі SMS-ті газетпен өлтіреді

Кеше көптеген қазақстандық Kaspi.kz ұялы қосымшасына кіре алмады. Үйреншікті қызметтер қолжетімді болмады. Kaspi-де техникалық ақау болғанын айтып, оны тез арада түзетуге уәде берді.

Осы уақытта қазақстандық БАҚ редакцияларына анонимді хабарламалар келіп түсе бастады:

«Ломтадзе Каспи банктің ақшасын алып қашып кетті. Банкомат, ұялы қосымша және сайт жұмыс істемейді.

Сондай-ақ WhatsApp арқылы жас жігіттің қазақ тілінде «бастықтар» қашып кеткендіктен Kaspi-дегі шоттарын шешіп алуға шақырған дауыстық хабарламасы тарай бастады.

Kaspі баспасөз қызметінің басшысы, атқарушы директоры Маржан Елшібаева Facebook парақшасында қолына 1 қарашадағы «Казахстанская правда» газетін ұстаған бастығының суретін жариялады.

ломтадзе

Кабинетіне кіргенімде «Казправда-ның» жаңа нөмірін оқып отырғанын көрдім. Сенбейтіндерге айтарым газетті жақындатып, шыққан күнін көріп көз жеткізуге болады. Журналистердің «қазір бастықтарың қайда?»- деген сауалына не деп жауап беру туралы сұрағыма интеллигентті түрде жұмыс істеуге… жіберді, — деп жазды Маржан Елшібаева.

Сурет тез арада танымал мем-ге айналды. Журналистер мен басылымдардың редакторлары «Неге «Казправда?» деп сұрап, Михаил Ломтадзеге өз газеттерімен суретке түсуді ұсынды.

Скриншот, фейсбук

Скриншот, фейсбукСкриншот, фейсбук

Интернетте Михаилдың басқа газеттерді қолына ұстаған мемдері пайда болды.

Сондай-ақ желіде «Михаил Ломтадзенің «Казправдамен» ұшақ бортында немесе басқа жерде суретке түсе алуы мүмкін бе?» деген мәселе де көп талқыланды.

Әдеттегідей, пайдаланушылар жоспарланған жарнама деген болжам да айтты.

Сәрсенбі күні кешке Kaspi.kz-тің жұмысы қалпына келді. Компания техникалық жұмыстар жалғасып жатқанын және біраз уақытқа дейін қосымша жұмысында іркіліс болуы мүмкін деп ескертті. Қазақстандықтар үйреншікті сервистерді қалпына келтіруге  түсінікпен және ризашылықпен қарады. Айтпақшы, бұл Kaspi-ге қатысты алғашқы ақпараттық шабуыл емес, сондықтан олардың мұны әзіл деп қарауына болады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!