Басты бет / Жаңалықтар /
Көмір
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанаға 36 вагон көмір жеткізілді

Оның 15 вагоны (1035 тонна) Шұбаркөл, 13-і (910 тонна) Қаражыра, 8-і (556 тонна) Майкөбе  көмірі.

Шұбаркөл көмірінің бағасы — 13 500-14 500 теңге (1 тонна), Қаражыра көмірі — 14 000 теңге, Майкөбе көмірі — 12 000-12 500 теңге, Богатырь көмірі — 8500-9500 теңге, Кузнецк көмірі – 12 000-12 500 теңге.

Көмір сатушылардың айтуынша, жеке үйлерде тұратын тұрғындар көмірді жақсы алып жатыр. 1 тамыз бен 11 қазан аралығында 146,6 тонна көмір шығарылып, оның 135,6 тоннасы сатылған.

Айта кетейік, Астананың отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы баға өсімінің алдын алу үшін көмір сатушылармен меморандумға қол қойға еді.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram

Мақалаға пікір қосыңыз