Астанада 7 мыңнан аса оқушыға мектеп формасы берілді

Республикалық «Мектепке жол» акциясының қорытындысы шықты. Акцияның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 152 961 000 теңге көлемінде астаналық 7524 балаға көмек көрсетілді. Оның ішінде 6439 оқушы демеушілер есебінен берілген 109 409 200 теңгенің көмегін алды.

Айта кетейік, Астанада осы акцияны өткізген 11 жыл ішінде 63 мыңнан астам балаға көмек көрсетілген. «Мектепке жол» акциясы шеңберінде орталық алаңда мектепке қажетті форма, кеңсе тауарларының 10-50% жеңілдіктері бар жәрмеңке өткізілді.

Жәрмеңкеге 40 мыңнан астам адам келді. Шараға ірі тігін фабрикалары «Фортуна», «Казлегпром-Алматы», Sens fashion, Карағанды аяқ киім фабрикасы және Астана, Қарағанды, Петропавловск, Шымкент, Теміртау қалаларынан тауар өндірушілер мен 30-дан аса кәсіпкер қатысты.

Осы жылы «Мектепке жол» акциясын мемлекеттік органдар, «Нұр Отан» партиясы, мешіттер, әскери бөлімдер, екінші деңгейдегі банктер, «Билайн» компаниясы, жеке кәсіпкерлер, волонтерлар мен қоғамдық қорлар белсенді түрде қолдады. Шара барысында белсенді меценаттар марапатталды және әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларды іске асыруға арналған «Қайырымды іс» жаңа акциясы басталды.